​Шымкенттік жігітке күш көрсеткен күдікті ұсталды

0
1 138

Күдікті Түркістан облысы, Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан.


​Шымкенттік жігітке күш көрсеткен күдікті ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Айбергенов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде 1996 жылы туған жігіт жәбірленуші жігіт А.Қ.-ға күш көрсетіп, онымен қоймай, құны 22 мың теңгеден асатын заттарын көпе-көрінеу тартып алған. Алдын ала сыбайластарымен сөз байласқанын тәртіп сақшылары анықтаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалдамалы пәтердегі бұл оқиға қарашаның 30-ы күні таңғы сағат 05.30-дар шамасында болған. Дегенмен күдікті тәртіп сақшыларының құрығынан құтылып кете алмаған. Желтоқсанның бірінші жұлдызында-ақ күдіктіні полицейлер қолға түсірген. Күдікті Түркістан облысы, Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шыққан. Күдіктіге ҚР ҚК нің 191 бабы, 3-бөлігі, 1,3 тармақтарымен айып тағылған. Аталған қылмыстық іс бойынша, күдіктіұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылған.

"Тергеп-тексеру органымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1,3 тармақтарымен күдікті деп танылған Ә.А. бұлтартпау шарасы ретінде 2 (екі) ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі санкция берілді", - деп хабарлайды Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.