​Шымкенттік журналистке «ышқырын шешкен» белгісіз еркек шабуыл жасады

0
2 426

"Шалбарының ышқырын түсіріп, белдігін шешіп қойған. Не істеуге келе жатқаны белгілі"...


​Шымкенттік журналистке «ышқырын шешкен» белгісіз еркек шабуыл жасады

иллюстрациялық фото: m.bk55.ru

Шымкент – ERNUR.KZ. Шымкенттік журналистке белгісіз еркек подьезде шабуыл жасап, оған зорлық-зомбылық әрекетін көрсеткен. Бұл жағдайды тиісті орындарға хабарлағанмен, әлі нәтиже жоқ дейді шымкенттік журналист.

Аталған жайт туралы кейіпкер ERNUR.KZ тілшісіне айтып берді.

«5 шілде күні кешкі сағат 19.30 шамасы болатын. Жұмыстан келіп подьезде 2 қабатқа жеткенде жоғарыдан төмен қарай бір жігіт түсіп келе жатты. Бірақ ол сыртқа шыққан жоқ. Кілт бұрылып, менің соңымнан ерді.
Соңғы бір айдың шамасында оны біздің "домнан" екі рет көргенмін. Бірінде подьезде темекі шегіп тұрғанына ұрысқанмын. Сондықтан түрі есімде қалыпты. 20-25 жас шамасындағы қырма сақалы бар түрікке ұқсайтын жігіт.
Бұрын көргендіктен тұрғындардың бірінің туысы не досы деп ойлап, күдіктенбедім.
Бірақ...
Менен озып кетсін деп жай жүрсем, ол да жай, мен тездетсем, ол да асыға жөнелетіні ұнамай қалды. Телефонымды шұқылаған болып тоқтап едім, ол да тоқтады. "Озып кетші" деп айтпаққа бұрыла берсем, әлгі маған шабуылдауға дайын тұр екен. Сөмкем, соткамды қыса ұстаған бойы құстай ұштым. Ол қуа жөнелді. Көршілер естісін деп айқайлап қоямын. Бірақ ол қаймығатын емес. Иыққа қолы жеткенде жұлқылап үлгеріп жатты.
Шалбарының ышқырын түсіріп, белдігін шешіп қойған. Не істеуге келе жатқаны белгілі...
Не керек, әлгі түрік тектес бейтаныс мені есігімнің алдына дейін қуып барды. Абырой болғанда үй
де балам және інім бар еді. Менің жанұшырған даусымды естіп, есік ашып, "Не болды, неге айқайладыңыз?" деп сұрап жатыр. 13-те ғана болғанмен, дауыстары жуандап келе жатқан "переходной возрасттағы" балалар ғой.
Қуып келе жатқан қарақшым осы кезде кілт тоқтады. Әйтпесе...
Әйтпесе жүгіріп келе жатып шешіп үлгерген белбеуімен ұрса немесе қылқындырса... құдай сақтасын! Дала қараңғы, подьезд қараңғы болса бір сәрі. Айнала жап-жарық, күн батпаған, әрі жұрттың бәрі жұмыстан қайтып жататын қауырт шақта ешнәрседен тайсалмай бұлай шабуылдаған жан ересектер түгел жұмыста, балалар пәтерлеріне өздері кіріп-шығып жүрген тапа-тал түсте біреуін өлтіріп, екіншісін зорлап кетуден, үйлерін тонап, өртеп жіберуден тайынбайтыны анық!
Мен 102-ге 2 рет "звондадым". Көтерген жан болмады. (Олардың тұтқаны алуы "азап" екенін өткенде адвокат Болат Досыбеков те өз парақшасында жазған болатын).
Участковыйға 5-6 рет звондап жүріп, түнгі 11.30-да зорға шақырып алдық-ау.
Олар келгенше жас балалары күнімен подьезде өз бетінше ойнап, кіріп-шығып жүретін бірнеше отбасыға ескертіп, балаларға абай болуын тапсырдым.
Біздің үйдің жай-жапсарын білетін көршімізге барып одан да сұмдығын біліп тіпті қорқып кеттім. Әлгі мені қуалап жүрген "маньяк" содан тура 1 апта бұрын жоғары қабатта тұратын Д. есімді келіншекті де пәтеріне дейін "аңдып" барған. Күндіз! Тапа-тал түсте! Амал жоқ, ашығын айтайын, ол кезде де әлгі сұм белбеуін шешіп алған! Ышқырын түсіріп алып, шалбарының сыдырмасын да ашық қалдырған көрінеді. Байғұс келіншек жүкті еді, «баламды тастап қоя жаздадым» дейді. Аурханаға жатып шығыпты соның кесірінен.

Оны да дәл мен сияқты подьезде қуалап соңынан барған. «Саған не керек?» деп соңына бұрылса, қолына белбеуін ұстап алған, ышқыры шешулі дейді. Сол кезде көрші еркек шығып қалып қуып кеткен. Сыртқа шығып таппай қалыпты.

Тағы бір көршіміз де оны көріпті. Орыс ұлтының жігіті: «Тетя Роза, оны мен де көрдім. Осы жерде әрі-бері жүреді», - деді ол.
Анықтағанымыз, ол ешкімнің туысы, танысы емес екен. Оны подьезде 3-4 көрші көрген. Бәрі де ешкімнің үйіне кірмей, айналшықтап жүреді дейді. Бір айд
ан бері...
Мүмкін торуылдап, ересектері жұмыста, балалары қараусыз пәтерге тонауға дайындалып жүрген шығар?
Белбеуін шешкіш сұм екен, балалардың бірін зорлап кетсе ше?
Ата-анасы жұмысқа кетіп, үйлерінде қалатын балалалар, жасөспірімдер бар. Кіріп-шығып ойнап жүреді, есікті өздерінің кілтпен ашып кіргенін көрсе ше? Маған, ересек әйелге шабуыл жасаған оның балаларға тиіспейтініне кім кепілдік береді? Ол торуылдап жүрген болса, әбден зерттеп кімнің үйінде ересек жоқ екенін білсе... Әрі қарай ойлаудың өзі қорқынышты...
Бәрі мүмкін ғой!
Тапа-тал түсте әйелдерді қуалап жүрген мұндай сұмнан бәрі шығады!»,
- дейді ашуланған әрі болған жағдайдан қорқып қалған Роза.

Сонымен қатар, Роза бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына да жазған болатын.


«... Бұл мәселе бойынша мен арыз жаздым, "оперге" қылқылдап жүріп фоторобот жасаттым. Подьезге іліп қойсам, балалар да, тұрғындар да сақ болар деген ойым бар еді. Бірақ оны қолға бермеді. Болмайды деді.
Осы жерде бір
сұрақ туындайды: ғаламторда күдіктілер мен қылмыскерлердің фотороботы тұрмақ, бейнежазбасы мен суреттері де жүреді ғой. Ал бұл жағдайда неге рұқсат жоқ болып қалды?
Жарайды, оны қоя тұрайын. Айтайын дегенім, бұл арыз бойынша тырс етіп қозғалған полицей
болған жоқ. Тап сол "қарақшы" қуған Д-дан да ешқайсысы ештеңе сұрамады.
Тым-тырыс!
Жиырма күннен бері!!!
Үш апта бұрын келген мына смс-ті құшақтап әлі отырмын...
», - деп жазған еді ол.

«Арыз жазуға барғанда әлгінің ышқырын шешкенін айтсам, «осы жерін жазбай-ақ қойыңыз» дейді маған» деп ашуланды Роза.

«Содан кейін бүкіл үйдегі көршілер бір-бірімізбен сөйлесіп, сұрастырғанымызда оның үй маңында пайда болғанына 2 ай болғанын білдік. Ешкімнің үйіне кірмейді, Тек әрі-бері жүреді. Неге ол олай бостан-босқа жүреді? Киімінен күтімді екені байқалады. Ол үйсіз-күйсіз жүрген адам емес, мас екені де білінбейді. Дене бітімі де спорттық...

Мұндай адамдар қашан құрықталады? Міндетті түрде біреу зорланып, тағы біреу өлуі керек пе?», - деп тағы да қоса кетті жәбір көрген азаматша.