Шымкенттіктер Жастар жылының салтанатты ашылуын тамашалады

0
2 085

Бұл шараға үшінші мегаполистің дарынды жастары қатысты.


Шымкенттіктер Жастар жылының салтанатты ашылуын тамашалады

Шымкенттіктер «Жастар жылының» ресми ашылуын тікелей эфирден тамашалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратында «Жастар жылының» ашылу салтанаты тікелей эфирден көрсетілді. Шымкент қаласының мемлекеттік қызметкерлері, дарынды, белсенді жастары қатысқан шара ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Содан кейін мәжіліс залына жиналған қатысушылар телекөпір арқылы Астанада өтіп жатқан іс-шараны тамашалады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев ашқан салтанатты шараға елімізге еңбегі сіңіп жүрген жас кәсіпкерлер, өнертапқыштар, ғылым жолындағы дарындылар, робототехникамен айналысып жүрген құрастырушылар, ел мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген өнерпаздар және т.б. белсенді жастар қатысып, Елбасы алдында сөз сөйледі.

Айта кетейік, осының алдында Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жыл жастар жылы деп жариялағанын хабарлаған болатынбыз.