Шымкенттіктерге сыбайлас жемқорлықты хабарлағаны үшін 9 млн теңге төленген

0
283

Департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефоны туралы жарық графика жұмыстары ұйымдастырылуда.


Шымкенттіктерге  сыбайлас жемқорлықты хабарлағаны үшін 9 млн теңге төленген

Шымкент қаласының тұрғындарына сыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін 9 млн теңге төленді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдемдесетін адамдарға заңнамалық түрде біржолғы ақшалай сыйақылар белгіленген.
Ағымдағы жылдың 9 айында Департамент арқылы қаланың 5 тұрғыны 8,8 млн теңгеге көтермеленді.
Аталған тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауынан кейін жемқорлықтың жолы кесіліп, сот үкімдері шыққан.
Мегаполис тұрғындарын сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты қайда хабарлау туралы кеңінен хабарландыру мақсатында Департамент тарапынан қаланың түрлі орындарында сенім телефоны туралы жарық графика жұмыстары ұйымдастырылуда.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 CaII-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Бөлісу