Қала бюджеті 613 миллиард теңгені құрады.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бюджеттің басым бөлігі қаланың өзекті мәселелерін шешуге, халықты тұрғын үймен қамтуға және инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда жергілікті бюджеттен жалақысы төмен азаматтық қызметшілерге үстеме ақы төлеу шешімі қабылданды.
Қала басшысы күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде сөз алып, депутаттар корпусына Шымкенттің әрі қарай өркендеуіне ықпал етер шешімдерге қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті 468 миллиард теңге көлемінде бекітілген болатын. Оның 22,4% – даму бюджеті, 77,6% – ағымдағы шығындарды құрайдыОнда қаладағы барлық мектептегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту, жолдарды орташа және күрделі жөндеу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, спорт және мәдениет үйірмелерін жан басына қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдау, қала аумағын көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу сынды маңызды салаларға қаржы бағытталған. Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған.