Шымкенттің әскери бөлімі 100-ге жуық cарбазбен толықты

0
1 731

Әскерге шақырылушыларды салтанатты ант беру ағымдағы жылдың 22 қарашасына жоспарланған.


Шымкенттің әскери бөлімі 100-ге жуық cарбазбен толықты
Күзгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне Нұр-сұлтан қаласынан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан жас буын командалары келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Осы күзде Шымкенттің әскери бөлімі 100-ге жуық cарбазбен толықты. Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жас буынның әскери бөліміне келгеннен кейін оларды екі апталық карантинге оқшаулай отырып, ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық тестілеу жүргізіледі. Карантин кезінде сарбадарды медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелерін алғаннан кейін және карантин аяқталған соң сарбаздар жас жауынгердің курсын бастайды, онда олар екі апта ішінде алғашқы әскери дайындық бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндерін оқиды. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпы әскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.
Бөлімге келгеннен кейін сарбаздарға бөлімнің басшылық құрамымен таныстырды, оларға қызмет өткеретін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтып берді.
Жас толымның келуі қарсаңында әскери бөлімде барлық жағдайлар жасалды. Бөлімнің тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кірген екі апталық жиын басқарамасы, сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуіне көмектесіп, әскери істің негіздерін үйретеді.
Әскери бөлімнің басшылығымен сарбаздардың келуіне алдын ала дайындық іс-шаралары өткізілді. Казармалық үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізілді, медициналық пункттің қорлары қажетті медициналық аппаратурамен және жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялау құралдарымен толықтырылды. Арнайы психологиялық жеңілдету және демалу бөлмелері жасалды, онда тәжірибелі психологтар әскерге шақырылушыларға әскери қызмет жағдайларына бейімделуге көмектеседі.
Лауазымды адамдардың жеке жауапкершілігінің моральдық-психологиялық жай-күйіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мерзімді қызметін өтейтін әскери қызметшілерге ұялы байланысын жақындарымен келіссөздер жүргізу үшін пайдалану жөнінде шешім қабылдады.
Әскерге шақырылушыларды салтанатты ант беру ағымдағы жылдың 22 қарашасына жоспарланған.