Екі бірдей ірі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.
Астана қаласында Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі және IBSA Judo Grand Prix Astana 2026 халықаралық жарысы өтті.
Әлемнің 36 елінен 295 спортшы қатысқан Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады. Бұл – қазақстандық дзюдо тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі.
Екі бірдей ірі додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен шымкенттік спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін үстем етті.
Grand Slam-да Марат Байкамуров 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Сонымен қатар, 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір маңызды медаль салды.
Ал Grand Prix-ке алғаш рет қатысқан шымкенттік парадзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы бірден алтын жүлде иеленді. Ол финалда Ибрагим Рио Паралимпиадасының жеңімпазы әрі Азия ойындарының чемпионы, өзбекстандық Шерзод Намозовты таза жеңіп, өзінің жоғары шеберлігін дәлелдеді.
Шымкенттік спортшылардың халықаралық аренадағы бұл жетістігі еліміздегі дзюдо мектебінің деңгейін тағы бір рет айқындап, жас спортшыларға үлкен серпін береді.
Айта кетейік, 2027 жылы Астанада дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.


