"Ордабасы" футбол командасына шетелдік төрт ойыншы қосылды.
Түркияда оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңін аяқтап жатқан «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтов команданың маусымға дайындығымен танысып, сынақта жүрген бір қатар футболшылармен келісім-шарттар жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Құрамаға алынған әр бір футболшы жоғары талаптарға сай келген ойыншылар. Олардың қатарында мынадай футболшылар бар:
"Ордабасы" футбол клубы қорғаушы Александр Клещенкомен келісім-шарт жасасты. 25 жастағы қорғаушы бұған дейін ресейлік "Алания", "Кубань", "Томь", "Енисей" клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстанда қостанайлық "Тобыл" командасында бақ сынады.
Сондай-ақ, сербиялық Александр Симчевич «Ордабасыға» қайта оралды. Ол Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ел чемпионы 33 жастағы сербиялық қорғаушы бұған дейін де «Ордабасы» сапында өнер көрсеткен болатын. Қазақстан чемпионатында "Шахтер", "Ақтөбе" және "Тараз" командаларында ойнап, өз мықтылығын танытты. Симчевичтің көп қырының бірі, аутқа кеткен допты ойынға қосудың шебері. Және алаңның қай бұрышында да ойнай беретін көпсалалы футболшы.
Май Махлангу - «Ордабасының» ойыншысы
Оңтүстік Африка республикасынан келген жартылай қорғаушы 31 жастағы Май Махлангу өткен жылы «Ордабасы» сапына жалға алынған еді. Енді клубпен жаңа келісімге қол қойып, шымкенттік футболшы ретінде өнер көрсетеді.Өткен маусымда Махлангу "Ордабасы" құрамында 29 матч өткізіп, 3 гол салып, 2 нәтижелі пас берді.ОАР ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп 19 матчта, 2 гол салды.
"Ордабасы" қақпасын Владимир Плотников қорғайды.
34 жастағы елімізге танымал Владимир Плотников Алматы футболының тәрбиеленушісі.Футболдағы алғашқы мансабын "Тараз" командасында бастады. Одан әрі "Цесна", "Қайрат", "Атырау", "Жетісу" командаларында өнер көрсетті.Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 2 матч өткізді.Қақпашылардың бағы отыздан асқаннан кейін ашылып жататынын ескерсек Плотниковтың өзін көрсететін кезі келіп жеткен сыңайлы.