Шымкенттің жедел жәрдем қызметі республикада үздік үштіктің қатарында

0
883

Қалада бүгінде жедел жәрдем қызметі күнделікті 1300 қоңырауға дейін қабылдауда.


Шымкенттің жедел жәрдем қызметі республикада үздік үштіктің қатарында

Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметі елімізде алдыңғы қатардан көрінген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бақытжан Жолдасбекұлының айтуынша, бірқатар көрсеткіштер бойынша жедел жәрдем қызметі республикада үздік үшінші орында тұр.

– Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлық өңірлер бойынша 9 айлық көрсеткішті жария етті. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар облысы және Шымкент қаласы үздік үштікті түйіндеп тұр. Атап айтқанда, сәтті реанимациялық көмек, жедел жәрдемнің уақытылы жетуі, жедел жәрдем көлігі және мамандардың қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуы және тағы басқа көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелерге жетіп отырмыз, – деді Б. Позилов.
Айта кетсек, қалада бүгінде жедел жәрдем қызметі күнделікті 1300 қоңырауға дейін қабылдауда.