Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласында жол бойында төбелескендер видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан белгісіз біреудің жігітті аяусыз соққыға жығып жатқанын көруге болады.
Заңгердің сөзінше, аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған.
“Шымкенттің қақ ортасында адамдарды таяқпен ұрып жүр ал полиция әдеттегідей шара көрмеген деп жатыр! Қылмыстық іс ашпасаңдарда, ең болмаса әкімшілік құқықбұзушылық бойынша іс қозғауға болар еді ғой”, - деп жазды Айгүл Орынбек.
Бұл оқиғаға қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті пікір білдірді. Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, аталған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеген.
“Бейнежазбада көрсетілген жайт Қаратау ауданының полиция басқармасымен СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 293-бабымен “бұзақылық” тіркелді. Сондай-ақ, орын алған оқиға бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түсірілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде”, - деліген баспасөз хабарламасында.