Көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.
ERNUR.KZ. Шымкенттік аудан «Таза қала» акциясына дайындығын қарқынды жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, «Таза қала» акциясына дайындық барыстарын аудан әкімі аппараты қызметкерлері байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.
Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп. Шараға қатысуға жалпы 64 көше, 80 аула өтініш білдірген. Сондай-ақ, былтырғы жылы аталған шараға қатысуға 45 көше, 40 ауладан өтініш қабылданған.