Полиция қызметкерлері тазалық сақтау тек тиісті қызметтердің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салады.
Шымкент қаласында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
Соның ішінде, жыл басынан бері Тұран ауданы аумағында дрон арқылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 211 құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, 876 азаматқа қатысты қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері тазалық сақтау тек тиісті қызметтердің емес, әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салады. Қала аумағын таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және абаттандыру талаптарын сақтау – қоғамдық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.


