Тимур Сұлтанғазиев Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады

0
200

Вице-министр денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты.


Тимур Сұлтанғазиев Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерде болды. №6 қалалық емхананың, қалалық клиникалық және балалар клиникалық ауруханаларының, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысты.

№6 қалалық емханада биыл Даму және ерте араласу орталығы мен шұғыл медициналық көмек бөлімі ашылды. Бұл — бала денсаулығын сақтаудағы маңызды буын. Даму және ерте араласу орталығында өңірлік дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және басқа да салалық мамандар қызмет етеді. Орталықта GPS-навигация жүйесін қолданатын патронаждың озық үлгісі енгізілген. Бұл технология 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың даму мониторингін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
Емхана жұмысымен танысу барысында «Біз балаларға шұғыл көмек көрсетудің ең үздік жағдайларын жасауға тырысамыз және бұл сапар медициналық мекемелер қандай қиындықтарға тап болатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.
Айта кету керек, шұғыл медициналық көмек бөлімшесінде алғашқы жедел көмек көрсетуге арнайы оқытылған көпбейінді мамандар жұмыс істейді. Бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және пациенттердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларға уақтылы әрекет етеді.
Бұдан кейін Т. Сұлтанғазиев қалалық жедел жәрдем станциясына барып, базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын, оның ішінде балаларға жарақат кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетуге арналған заманауи жаттығу жабдықтарымен жарақталған симуляциялық орталықты аралады.
Орталық жаңа туған және шала туған сәбилерді қауіпсіз тасымалдау үшін қызмет төрт көліктік инкубатормен қамтамасыз етілген.