Төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкер айыппұл төлейді

0
538

Айыппұл көлемі - 150 мың теңгеге жуық.


Төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкер айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқан жағдайда 147 680 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов айтты.

«Бүгінде кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартып, тек қолма-қол ақшамен төлем жасауды талап ете бастағаны халық арасында жиі айтылып жүр. Мұндай жағдайда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес түрлі төлем тәсілдері қарастырылған – банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлем жасауға болады.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып табылады және тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып есептеледі.
Егер кәсіпкер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тұтынушы аталған фактілері туралы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына жүгіну қажет. Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту жасалады, ал қайталап бұзған жағдайда – 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады»,-деді Сапарбек Ешанқұлов.