"Тұңғыш Президент күні": Шымкентте дәстүрлі домбырашылар флешмобы өтті

0
807

Флешмоб қала орталығында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында ұйымдастырылды.


Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай, Назарбаев Зияткерлік мектептері бүкіл Республика аумағында «Ұлы дала мұрагерлері» атты дәстүрлі домбырашылар флешмобын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1000 астам қатысушыларынан тұратын домбырашылар оркестрі қазақ композиторлары мен күйшілерінің шығармаларын орындап шықты.

Шымкенттік химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі дәстүрге айналған флешмобты қала орталығында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел өркендеуі үшін жасаған игі істерін үлгі етіп, қолдау білдіру, ұлттық аспабымыз домбыра мен ұлттық өнеріміз күйді насихаттап, оқушылар бойына көшбасшылық, елжандылық қасиетті сіңіру.
Шара барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары үшін қолға алынған «100 күй» жобасы қала халқына таныстырылып, оқушылар "Балбырауын", "Келіншек", Нұрғиса Тілендиевтың "Әлқиса", сондай-ақ Абдимомын Желдыбаевтың «Ерке сылқым» атты шығармаларын орындады.
Сондай-ақ аталмыш шара мектептің ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Көрермендердің пікірлеріне сүйенсек, оларға НЗМ оқушыларының домбырада ойнау шеберліктері қатты ұнады және қонақтар ұлттық күйлерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.