Тұрғын: «Костюм киіп, галстук тағып, шырт түкіріп жүретін әкімнің қазіргі қоғамға керегі жоқ»

0
2 307

Шымкент тұрғыны әкімдікті сөгіп тастады


Тұрғын: «Костюм киіп, галстук тағып, шырт түкіріп жүретін әкімнің қазіргі қоғамға керегі жоқ»

ERNUR.KZ. Шымкенттік тұрғын әкімдікке сын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғыны Дәурен Болыс өзінің Facebook желісіндегі парақшасына жариялап, әкімдіктің ресми парақшасын тегтеген.

«Шымкентті "жасыл қала" ,"таза қала" деп мақтап, төбесін көкке жеткізіп жатамыз. Бірақ, мынадай көріністерді ешкімнен жасыра алмайсың. Нұрсәт м/а көпқабатты үйдің ауласы бұл. Жабайы шөп өсіп жатыр. Қурап кеткен. Демалатын орынның сыйқы мынау. Айнала күл-қоқыс. Қаратау Ауданы Әкімі Аппаратына сын! Жалпы, әкімнің бойында тұрғындарды қандай да бір іске жұмылдыра білетін ұйымдастырушылық қабілет яки қасиет болу керек. Кастюм киіп, галстук тағып, шырт түкіріп жүретін әкімнің қазіргі қоғамға керегі жоқ», - деп жазылған шымкенттік тұрғынның парақшасында.

Сондай-ақ, осының алдында Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Нұрсәт 1» шағынауданындағы көп қабатты үйдің тұрғындары құрылыстың дұрыс істелмегеніне наразы екенін жазған болатынбыз