​Үкіметтік емес ұйымдардың кезекті есебі аяқталады

0
1 335


​Үкіметтік емес ұйымдардың кезекті есебі аяқталады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Азаматтық қоғам істері комитеті 2020 жылдың 31 наурызында ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) дерекқорына кезекті есепті кезең аяқталатынын хабарлайды.

«2020 жылдың 31 наурызына дейін Сіздерге уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде құрылтайшылары, мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен бағыттары туралы мәліметтерді дерекқор базасына енгізу қажет.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электронды нұсқада infonpo.gov.kz сайты арқылы тапсыруға болатынын естеріңізге саламыз.

Қоғамдық бірлестік, үкіметтік емес ұйымдардың заңнамамен дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары қарастырылған.

Сонымен қатар, ҮЕҰ дерекқор базасына тіркелуі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жобаларды іске асыруға арналған конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады», - делінген хабарламада.