«Ұлы дала қайырымдылығы» Шымкентте басталады

0
3 459

Қайырымдылық шаралары қазақ халқының дәстүрлеріне негізделген


«Ұлы дала қайырымдылығы» Шымкентте басталады

иллюстрациялы фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ұлы даланың» дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шараларын ұйымдастырады.

Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының бір бағыты болып есептеледі. Осыған орай, Ассамблея биыл қазақ даласының дәстүрлері негізінде «САРҚЫТ», «СЫБАҒА», «ШАШУ», «АСАР», «ҚАМҚОР», «ТОҚЫМҚАҒАР», «ЕРУЛІК БЕРУ», «ЖЫЛУ», «КӨРІМДІК», «БАТА», «БЕС ЖАҚСЫ», «КӘДЕ» атауларымен қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды қолға алып жатыр. Аталған игі шаралар осы жылғы қаңтар айынан ел аумағында, соның ішінде Шымкент қаласында бастау алады.


Айта кетейік, бұл туралы Шымкент қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.