"Зардап шеккендер бар": Шымкентте көршілес тұрған екі үйден өрт шықты

0
575

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.


фото: видеодан скриншот

Шымкент қаласында көршілес тұрған екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 30 шілде күні сағат 15:36-да Абай ауданы, Темірлан көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 80 шаршы метр құрайтын тұрғын үйдің шатыры толығымен және ішінде үй заттары, төбе жаппасы мен жапсарлана соғылған көлемі 20 шаршы метр бастырманың шатыры толығымен және бастырманың астында “Mercedes-Benz” маркалы женіл автокөлігінің алдынғы бөлігі және автокөлік тіркемесі, Г- тәрізді жалпы көлемі 60 шаршы метр уақытша тұрғын үйдің шатыры толығымен жанды. Сонымен бірге Темірлан көшесі бойындағы жалпы көлемі 120 шаршы метр құрайтын көршілес тұрғын үйдің көлемі 5 шаршы метр шатыры жанған.


"Өрт сағат 16:34-те оқшауланып, сағат 17:09-да толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру барысында 1976 жылы туған екі ер азамат зардап шекті. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олар ауруханаға жатудан бас тартты", - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері мен 3 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.