"Зардап шеккендер бар": Шымкентте жолда келе жатқан шағын автобус толығымен жанып кетті

0
755

Зардап шеккендердің жағдайы орташа.


Шымкент-Арыс бағыты бойынша келе жатқан "Mercedes-Benz Sprinter" маркалы шағын автобус толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға 6 маусым күні сағат 14:39-да Шымкент қаласы, Абай ауданының Алтын төбе тұрғын алабында болған. Өрт салдарынан 1974 жылы туған автокөлік жүргізушісінің денесінің 25 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ бір жолаушы зардап шеккен.

"Зардап шеккендердің екеуі де Шымкент қаласының гипербарикалық оксигенация орталығына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа. Автокөліктің жану себептері анықталуда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.