"Жағдайы ауыр": Шымкентте бір жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті

0
772

Аталған оқиға Қаратау ауданындағы 5 қабатты үйде болған.


иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында 1 жасар сәби үшінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

16 шілде күні сағат 12:37-де жедел жәрдем қызметінен баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, аталған оқиға Қаратау ауданындағы 5 қабатты үйде болған.

"2021 жылы туылған сәби үлкендердің қарауынсыз қалып, 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды (жағдайы ауыр). Бүгінгі таңда баланың жағдайы тұрақты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, Шымкент қаласында осы уақытқа дейін 2 бала терезеден құлаған. Барлық жағдайларда балалар жарақат алды.