Жанар Бектаева «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

0
4 020

Жанар Әлібекқызы осыған дейін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болған.


Жанар Бектаева «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Жанар Бектаева – «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының активі өтті.
Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық партия активіне жаңадан тағайындалған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаеваны таныстырды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында дүниеге келген. 2003-2006 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік универсиеті саясаттанушы мамандығы және саясаттану магистрі бойынша білім алып, 2017 жылы Алматы экономика және статистика академиясының "Экономика және бизнес" факультетін тәмамдағаған.

Еңбек жолын 2004-2006 жылдары Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент Институты "Саясаттану" кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2006-2013 жылдары – ОҚО ішкі саясат департаменті талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары – ОҚО ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болған.

Жанар Бектаева осыған дейін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы болған.