"Жастардан жастарға - ақпараттық керуен": Шымкентте жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
738

Ақпараттандыру жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты “Тоғыс” шалғай елді- мекенінде өтті.


Шымкент қаласында шалғай елді-мекендерде орналасқан жастарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан құрылған "Мобильді тобы" мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттандыру жұмыстары Еңбекші ауданына қарасты “Тоғыс” шалғай елді- мекенінде өтті.

Ақпараттық түсіндірме жұмыстарының мақсаты - "Жастардан жастарға - ақпараттық керуен" жобасы аясында шалғай елді-мекендерде орналасқан жастарға орталықтың жұмыстары мен түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттар бере отырып, оларға бағыт-бағдар көрсету.