Шымкентте 189 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді.
Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда Қормен шартқа отырған жеке клиникаларда консультациялық-диагностикалық қызметтерді алуға болады.
Ол үшін өз емханаңыздан жолдама қажет. Медициналық қызмет көрсетушілердің тізімімен Қор сайтына кіріп, «МӘМС-гид», ары қарай «Пациенттер үшін», содан кейін «Клиниканы таңдау» батырмасын басу арқылы танысуға болады (https://fms.kz/osms-guide/patient/vybrat-kliniku/).
Шымкентте 189 медициналық ұйым халыққа МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді. Оның 34-і мемлекеттік, 155-сі жекеменшік медициналық ұйымдар.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі денсаулық сақтау саласында қызмет көрсету әлеуеті жақсарып, медициналық мекемелердің саны артқан. Ең бастысы халықтың таңдау құқығы бар.
Сонымен қатар:
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙ КЕЗДЕ ЖҮГІНЕ АЛАСЫЗ?
Егер сізден шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге көріну үшін сақтандыру мәртебесінің болуын талап етсе;
Егер учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
Егер сіз бейінді маманға алдағы бір айға жазыла алмасаңыз;
Егер медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
Егер сізді ақылы тексерулерге жіберсе немесе 10 жұмыс күнінен артық күту ұсынылса;
Егер жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
Егер диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
Егер көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
Егер дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
Егер өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
Егер медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.