«Желтоқсан жаңғырығы»: Шымкентте патриоттық әндер байқауы өтті

0
441

Байқауда 16-29 жас аралығындағы 15 жас талант бақтарын сынады.


«Желтоқсан жаңғырығы»: Шымкентте патриоттық әндер байқауы өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» патриоттық әлеуметтік жобасы аясында 1986 жылғы желтоқсан қатысушыларына арналған патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру.

Байқауда 16-29 жас аралығындағы 15 жас талант бақтарын сынады. Аталған шара 2 кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде қатысушылар патриоттық ән орындаса, ал екінші кезеңде еркін тақырыпта ән орындады.

Жеңімпаздарды анықтау үшін Шымкент қалалық мәдениет үйінің әртістері Ө. Бөріханов, Ә. Маукенова және Х-фактор жобасының жеңімпазы А. Қарғабай әділ-қазылық жасады. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды - Ораз Нышанбаев пен Фархад Бақытұлы, 2 орынды – Саз колледжінің студенті Павел Ким қанжығасына байлап, ал 3 орынды - Жандос Әшірбек иеленді.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ұйымдастыру тарапынан дипломдар және қатысушыларға арнап арнайы алғыс хаттар табысталды.