"Жолда қабылдау": Шымкентте полицейлер 200-ден астам өтініштерді қарады

0
1 222

Шымкенттік тұрғындар полицияға қатысты қызмет түрін көшеден алуда.


Бүгін Шымкентте өтіп жатқан республикалық «Жолда қабылдау» акциясында тұрғындардың 200-ден астам өтініштер қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласында Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың халықпен кері байланысты орнату туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін полиция бөліністерінің басшылары тұрғындармен жеке кездесу өткізуде.

Онда криминалдық полиция, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көші-қон заңнамасын түсіндіру, кадр жұмысының, әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл төлеу тәртібі, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қарау айналымы бойынша полиция қызметкерлері тұрғындарға қызмет көрсетті.

Аталған акция адам көп шоғырланған жерлерде ұйымдастырылған, онда арнайы жабдықталған автобустар мен арнайы қызмет көрсету көліктері жұмыс жасауда.

«Жолда қабылдау» арқасында мен кедергісіз әкімішілік құқықбұзушылық туралы ақпаратты алдым, сондай-ақ жол қозғалысының ережелеріне қатысты айыппұл туралы толықтай мәлімет алып отырмын. Полиция қызметкерлерінің көрсетілген қызметтеріне қанағаттандым», - дейді қала тұрғыны Тагир Шымуратов.

Еске сала кетейік, полиция қызметкерлері тұрғындармен жеке кездесуі 5 және 6 сәуір күндері еліміздің барлық өңірлерінде мобильдік «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетін болады.