Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов жүргізді.
«АMANAT» партиясы Шымкент қалалықфилиалыда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөнінде кәсіпкерлермен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов жүргізді. Жиынға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Өткелбаев жәнешаһардағы кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Алғаш сөз алған Т.Дербіс қаладағы кәсіпкерлік саласының бүгінгі жағдайы туралы баяндама жасады.
«Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», - делінген Президент Жолдауында.
Осы тапсырмалар аясында үшінші мегаполисте «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда жеке кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Түрлі курстар әзірленіп, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында гранттар бөлініп, кіші және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлініп жатыр.
Сонымен қоса, «Шымкент май» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясында жұмысшылармен кездесу өтті.
Кездесуде Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рүстем Әшетаев Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.