Арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін келесі талаптар қойылады
Үкімет 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды қолдау үшін арнайы әлеуметтік төлемдер енгізуді қолға алды.
Арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін келесі талаптар қойылады:
- жасы 55 ке толған немесе одан жоғары болуы,
- 7 жыл және одан жоғары Міндетті кәсіптік зиянды жарнасын төлеу фактісінің болуы,
- еңбек қызметін тоқтату, не болмаса еңбек жағдайларында зияны бар немесе факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру төлемді ресімдеу сәтіндегі зиянды жағдайлардағы жұмысқа байланысты төрт не екі қаржыландыру көзінен жүзеге асырылатын болады.
Арнаулы әлеуметтік төлемді енгізу, жұмыс істейтіндер үшін, төлем мөлшері төрт көзден алынған жағдайда орта есеппен 208 мың теңгені құрайтын болады. Атап айтқанда,
Жұмыс істейтіндер үшін:
1) Арнаулы кәсіптік төлем бюджет есебінен 2 күнкөріс деңгейінде (2х43407) - 86814 тг.
2) Сақтандыру төлемі, өмірді сақтандыру компаниясынан 1- күнкөріс деңгейінде - 43407 тг.
3) Кәсіптік төлем, жұмыс беруші есебінен 1 күнкөріс деңгейінде - 43407 тг.
4) Міндетті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі, БЖЗҚ-нан жинақтау негізінде.
Жұмыс істемейтіндер үшін:
1) Арнаулы кәсіптік төлем бюджет есебінен 2 күнкөріс деңгейінде (2х43407) - 86814 тг.
2) Міндетті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемі, БЖЗҚ-нан жинақтау негізінде.
Арнаулы әлеуметтік төлем проактивті түрде, яғни жұмыскерлердің өтінішінсіз тағайындалады және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ресімдейтін төлем тапсырмасы негізінде бірыңғай төлеммен жұмыскердің банктегі шотына түседі.
Жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.
Арнаулы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан төлем алушы еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыса алмайды.
Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.