Қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты жобалардың жүзеге асырылуы сөз болды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтті.
Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» республикалық акциясы аясында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен кеңейтілген жиын өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының қалалық филиалы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі өңірлік кеңес өкілдері, полиция қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының студенттері қатысты.
Жиын барысында қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тұрақты жобалардың жүзеге асырылуы сөз болды. Қатысушылар бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын атап өтті.
Полиция департаменті қала аумағында атқарылған профилактикалық шаралар бойынша есеп берді.
Іс-шарада арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, колледж студенттері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған сахналық қойылым қойды және әлеуметтік мазмұндағы музыкалық нөмірлер орындалды.


