Бразилялық боксшы жақында бос қалуы мүмкін титулды алып кету үшін Қазақстанға келуге де дайын екен.
ERNUR.KZ. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақтағы WBO титулы үшін өзін жекпе-жекке шақырған Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) жауап берді, деп жазады Vesti.kz.
Бразилялық боксшы жақында бос қалуы мүмкін титулды алып кету үшін Қазақстанға келуге де дайын екен.
"Деметриус Андраде WBO титулын бос қалдырады деп естідім, олай болса, Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтассам жаман болмас еді. Қазақстанға келуге де дайынмын. WBO чемпиондығы үшін айқас өткізейік", - депті жеңілмеген боксшы.