27 қарсыласын нокаутқа түсірген мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ ауыстырды

0
782

Бұл үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO белбеуін босатты.


27 қарсыласын нокаутқа түсірген мексикалық боксшы Головкинмен жұдырықтасу үшін салмақ ауыстырды

ERNUR.KZ. Мексикалық 23 жастағы Хайме Мунгия (34-0, 27 KO) және 35 жастағы ирландиялық Гэри "Спайк" О"Салливан (30-3, 21 KO) Сан-Антониода өткен баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті, деп жазады Тengrinews.kz.

Осы қалада 11 қаңтарда боксшылар орта салмақта жұдырықтасады. Бұл мексикалық үшін өзге дивизиондағы алғашқы жекпе-жегі. Бұл үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO белбеуін босатты.

"Орта салмаққа өткеніме қуаныштымын. Мұнда әлемнің ең мықты боксшыларының бірі өнер көрсетеді дейді. Гэри О"Салливан сияқты мықты қарсыласпен жұдырықтасуым керек. Егер үлкен жекпе-жектер қаласам, мұндайға лайық екенімді осы жігітпен кездесуде көрсетуім керек. Сондықтан рейтингте көтерілу үшн барынша тамаша өнер көрсететін боламын", - дейді мексикалық боксшы.

Ал Golden Boy президенті Эрик Гомес осы боксшының жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

"2020 жылды Alamodome шаршы алаңындағы үлкен жекпе-жектен бастаймыз, ол DAZN-де көрсетіледі. Хайме Мунгия бокс жұлдызы ғана емес, Мексикадағы үздік спортшыға айналып келеді. Хайме титулын босатып, орта салмаққа "Канело" Альварес және Геннадий Головкин сияқты боксшылармен жұдырықтасқысы келеді. Бұл ол үшін тамаша уақыт болады. Ал бәрі "Спайктен" басталады, ол осал қарсылас емес. Бұл мексика-ирландиялық соғыс болмақ", - дейді Гомес.