Бірақ, осымен футболдағы карьерам аяқталады дегені емес. Әлі күшім бар, мен футболға тойғаным жоқ.
Голландия құрама командасының жартылай қорғаушысы Уэсли Снейдер 6 қыркүйек күні құрама командасымен қоштасатын болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі шет елдік басылымдарға cілтеме жасап.
Бейсенбі күні Голландия құрама командасы Амстердамда Перуге қарсы жолдастық кездесуін
өткізеді.
«6 қыркүйек күні мен Голландия ұлттық құрама командасындағы соңғы матчымды өткіземін. Мен
өз елім үшін ұзақ уақыт ойнадым. Бұл үшін өте қуаныштымын. Бірақ, осымен футболдағы
карьерам аяқталады дегені емес. Әлі күшім бар, мен футболға тойғаным жоқ» - деп жазады
Снейдер.
Уэсли Снейдер маусым айында 34 жасты қарсы алды. Ол 2003 жылдың сәуір айында 18 жасында
құрама командасында дебют матчын өткізген болатын. Осы уақыт ішінде Снейдер Евро - 2004
турнирінің күміс жүлдегері, 2010 жылы Әлем чемпионатының күміс, 2014 жылы мундиалдың қола
медалінің иегері атанған.
Футболшы Голландия құрама командасының сапында осы күнге дейін 133 матч өткізіп,
қарсыластарының қақпасына 31 гол соққан. Құрама командасында ең көп алаңға шығып, рекорд
орнатқанын айта кетсек.