ӘЧ-2026 ашылу матчі үш ойыншыны алаңнан қуумен аяқталды

0
150


ӘЧ-2026 ашылу матчі үш ойыншыны алаңнан қуумен аяқталды

Фото: instagram.com/miseleccionmx

ERNUR.KZ. Бүгін, маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Мексика құрамасы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчінде ОАР-ды жеңді, деп жазады tengrisport.kz.

Мундиальдың ашылу матчы Мексика астанасы – Мехикодағы "Ацтека" стадионында өтті. Кездесу алдында салтанатты ашылу рәсімі болып, онда танымал әнші Шакира турнирдің ресми әнұраны "Dai Dai" шығармасын орындады.

Командалар құрамы

Мексика: Ранхель (Қ), Фернандес, Монтес, Васкес, Гальярдо, Лира, Гутьеррес, Фигальдо, Альварадо, Киньонес, Хименес.

ОАР: Уильямс (Қ), Мудау, Сибиси, Окон, Мбокази, Модиба, Мокоена, Ситоле, Адамс, Рейнерс, Фостер.

Матч барысы

Алаң иелері ойынның 9-минутында-ақ есеп ашты. Оңтүстікафрикалықтардың қателігінен кейін мундиальдағы алғашқы голды шабуылшы Хулиан Киньонес соқты.

Екінші таймның басында, 49-минутта ОАР жартылай қорғаушысы Яя Ситоле айып алаңының шебінде соңғы фол жасағаны үшін алаңнан қуылды.

67-минутта мексикалықтар есепті еселеді: Роберто Альварадо қапталдан допты Рауль Хименеске асырды, ол өз кезегінде пасқа сәтті шығып, гол соқты.

Ал 84-минутта оңтүстікафрикалықтар тоғыз ойыншымен қалды, жартылай қорғаушы Темба Зване қарсыласын итеріп жібергені үшін алаңнан қуылды.

Бірнеше минуттан кейін мексикалықтар да қызыл қағаз алды, қорғаушы Сезар Монтес айып алаңы алдында қарсыласын шалып жықты.

Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Мексика құрамасы жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, биыл турнир алғаш рет бірден 48 команданың қатысуымен өтеді. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде: АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Әлем чемпионатының барлық 104 ойыны 11 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңнің толық кестесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Мундиальдың келесі матчы 12 маусым күні таңғы сағат 7:00-де (Қазақстан уақытымен) өтеді, онда Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездеседі.