Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды

0
149

Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі.


Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль үшін бақ сынайды

ERNUR.KZ. Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының қола медалі үшін таласады, деп жазады sputnik.kz.

Тбилиси (Грузия) қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде спортшыларымыз командалық сынның жартылай финалына дейін жетті.
ҰОК хабарлағандай, жартылай финалда Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов пен Эльмир Әлімжанов Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасына есе жіберді.
"Кездесу 42:41 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, отандастарымыз жекпе-жектің соңына дейін басымдыққа ие болғанымен, жапониялықтар есепті теңестіріп, соңында жеңісті жұлып алды", - деп жазылған хабарламада.
Қола медаль үшін Қазақстан құрамасы Венгрия – Франция жұбының жеңіліс тапқан командасымен кездеседі.
Тбилисидегі додада қазақстандық семсершілер алдымен Ресей құрамасын, одан кейін Қытайды (45/43) жеңді. Ал ширек финалда қазіргі әлем чемпионы Италия құрамасынан (45/43) басым түсті.