Әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін алғашқы жұп белгілі болды

0
82

Марокко да 1/8 финал кезеңді қиындықсыз өткізіп, Канаданы 3:0 есебімен ұтты.


Әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін алғашқы жұп белгілі болды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Шілденің 4-інен 5-іне қараған түні Марокко мен Франция құрамалары әлем чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды. Ойын күнінің қорытындысы бойынша бұл командалар жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды, - деп жазады Tengri Sport.

Француздар Парагвайды 1:0 есебімен басым түсіп, турнирдің үздік сегіз командасының қатарына қосылды. Ойындағы жалғыз голды екінші таймда пенальтиден Килиан Мбаппе соқты.

Марокко да 1/8 финал кезеңді қиындықсыз өткізіп, Канаданы 3:0 есебімен ұтты.

Осылайша, әлем чемпионатының ширек финалында кездесетін алғашқы жұп белгілі болды — Франция мен Марокко. Матч 10 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.

ӘЧ-2026 турнирінің 1/8 финалойындары тағы бірнеше күнге созылады.

Шілденің 5-інен 6-сына қараған түні әлем чемпионатының тағы екі 1/8 финал матчі өтеді: Бразилия Норвегияға қарсы, ал Мексика Англияға қарсы ойнайды.