Алғаш рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогы матчына төрешілік етеді

0
928

Сондай-ақ, футбол жанкүйерлеріне кеңінен танымал түркиялық Джюнейт Чакыр резервтегі төрешілікке тағайындалды.


Алғаш рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогы матчына төрешілік етеді

ERNUR.KZ. Футболдың әлемдік тарихында бірінші рет әйел-арбитр UEFA Суперкубогы матчына төрешілік етеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ливерпуль» мен «Челси» арасында болатын ойында француз әйел Стефани Фраппар төрешілер бригадасын басқаратын болады. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығының одағы Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Ал Мишель О’Нил мен Мануэла Николоси оның ассисенті болмақ. Сондай-ақ, футбол жанкүйерлеріне кеңінен танымал түркиялық Джюнейт Чакыр резервтегі төрешілікке тағайындалды.