Әлеуметтік желіде арнайы жасақ жауынгерлерінің бірнеше жанкүйерді ұстап алып бара жатқан видео тарады.
ERNUR.KZ. «Қайрат» және «Каспий» футбол клубтарының жанкүйерлері матчтан кейін Алматыда жаппай төбелес шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде арнайы жасақ жауынгерлерінің бірнеше жанкүйерді ұстап алып бара жатқан видео тарады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескен.
«Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.
Айта кету керек, алматылық «Қайрат» футбол клубы Қазақстанның Премьер-лигасының 3-ші кезеңінде «Каспий» командасын 3:1 есебімен жеңді.