Жарысқа 10 елден 30-дан астам спортшы қатысты.
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. 2026 жылы 29-30 мамыр Корея Республикасының Пусан қаласындағы Гвангалли жағажайында жеңіл атлетикадан сырықпен секіру бойынша World Athletics ұйымының Challenger санатындағы күнтізбесіне енгізілген Busan International Pole Vault Meeting халықаралық турнирі өтті, деп жазады zakon.kz.
Жарысқа 10 елден 30-дан астам спортшы қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Алматы қаласының өкілі Полина Иванова әйелдер арасындағы сайыста 4,20 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында алматылық Иван Товченик 5,40 метр көрсеткішке қол жеткізіп, жүлделі орыннан бір саты төмен қалып, төртінші орын иеленді.


