Англия құрамасы пенальтиден алғаш рет жеңіске жетті

0
1 204

Олар 1990 жылы Германияға, 1998 жылы Аргентинаға, 2006 жылы Португалияға пенальтиден есе жіберген болатын.


Англия құрамасы пенальтиден алғаш рет жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалшыларының есімі белгілі болды деп, хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1/8 финалының соңғы жұп ойындары Англия – Колумбия, Швеция – Швейцария арасында өтті. Швеция құрамасы екінші таймда матчтағы жалғыз голды соғып жеңіске жетті. Гол Эмиль Форсбергтің атына жазылды.

Англия мен Колумбия арасындағы ойын тең 1:1 есебімен аяқталды. Харри Кейннің пенальтиден соққан голына, 90 – минутта Мина жауап берді. Пенальтилер сериясында 4:3 есебімен футбол отанының өкілдері жеңіске жетті.

Осылайша ағылшындар Әлем чемпионатының тарихында алғаш рет пенальтилер сериясынан жеңіске жетті. Олар 1990 жылы Германияға, 1998 жылы Аргентинаға, 2006 жылы Португалияға пенальтиден есе жіберген болатын.

Ширек финалда Франция – Уругвай, Бразилия – Бельгия, Ресей – Хорватия, Англия – Швеция құрама командалары кездеседі.