"Астана" екі минуттың ішінде екі гол соғып, жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. Елордалық "Астана" УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымтаойынында сырталаңда тбилисилік "Динамоны" 2:1 есебімен ұтты, деп жазады sputnik.kz.
Кездесу Борис Пайчадзе атындағы "Динамо Арена" стадионында өтті. Есепті бірінші болып алаң иелері ашты. 21-минутта "Динамо" шабуылшысы Усман Камара гол соқты.
Үзілістен кейін "Астана"ойынның бағытын өзгертті. Алдымен 50-минутта Абзал Бейсебеков есепті теңестірсе, араға бір минут салып Дембо Дарбо командасыналға шығарды.
Еске салакетейік, командалардың Қазақстандағы алғашқы кездесуі "Астана Аренада" өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.
Осылайша, "Астана" жалпы есепте 3:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтсе, "Динамо" Чемпиондар лигасынан шығып қалды.
Екінші турда "Астана"Загребтің "Динамосымен" ойнайды. Бірінші ойын 25/26 шілдеде, ал қарымта ойын 1/2 тамызда өтеді.