Плэй-оффқа шығу үшін топта бірінші немесе екінші орынды иелену керек
ERNUR.KZ. Үш турдың қорытындысы бойынша, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 48 қатысушының тек 12 командасы жеңіліссіз ойнап келеді. Олардың қатарында "Астана" құрамасы да бар, деп жазады Tengrinews.kz.
KazFootball.kz мәліметтері бойынша, ЕЛ топтық кезеңінде жеңіліссіз келе жатқан австриялық "Ред Булл Зальцбург", ағылшын "Арсеналы" мен "Челси", испан "Бетисы" және "Вильярреал", неміс "Айнтрахт", ресейлік "Зенит", украиналық "Динамо", хорватиялық "Динамо", швейцариялық "Цюрих" және шотландиялық "Рейнджерс" командалары.
"К" тобында "Астана" Киев "Динамосын" артқа ысырып бес ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орынға француздық "Ренн" үш ұпаймен жайғасты, ал төртінші орында екі ұпаймен чехиялық "Яблонец" командасы тұр.
ЕЛ топтық кезеңінде "Астана" "Динамомен" ойнап, (2: 2) нәтижемен бастаған, одан кейін өзімізде (2: 0) ұпаймен "Ренн" құрамасын жеңді, жақында "Яблонецпен" ойыны (1: 1) нәтижесімен аяқталды.
Плэй-оффқа шығу үшін топта бірінші немесе екінші орынды иелену керек.