Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

0
124

Асу рейтингте 7-орында тұрған Матеус Николаудың орнын тартып алды.


Асу Алмабаев UFC рейтингінде 7-орынға көтерілді

Фото: Sport Pluse

ERNUR.KZ. Әлемнің ең үздік тұжырымы UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізген Асу Алмабаев өз салмағындағы ең үздік 10 спортшының қатарына қосылды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев UFC-дегі соңғы жеңісінен кейін тұжырымның аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде үздік 10 жауынгердің қатарына қосылып, 7-орынға жайғасты.

Асу рейтингте 7-орында тұрған Матеус Николаудың орнын тартып алды. Бұл салмақтың чемпионы бразилиялық Александр Пантожа болса, екінші және үшінші орында Брэндон Ройвал мен Брендон Морено жайғасқан. Ал Асудың алдында Амир Альбази, Кай Кара-Франс пен Тайро Татцуро және Алекс Перез бар. Асу соңғы жеңісінен кейін чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, аса жеңіл салмақтың рейтингінде 14-ші орында тұрған Асу жетінші орында тұрған Николауды 29-28, 29-28, 29-28 есебімен жеңіп, мансабындағы 21-жеңісіне және UFC-дегі 4-жеңісіне қол жеткізген еді.