Турнирдің ашылу салтанатында мерейтой иесі Асан Раушановқа "Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы" атағы берілді.
ERNUR.KZ. Атырауда Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Асан Раушановтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир басталды, деп жазады ATPress.kz.
Турнирдің ашылу салтанатында мерейтой иесі Асан Раушановқа "Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы" атағы берілді.
Шарада шәкірті, Қазақстан Республикасы парадзюдо күресінен бас жаттықтырушы Жандос Қиянов ұстазына өз атынан 10 млн теңгелік сертификат табыстады.
"Асан Сайынұлы көптеген белгілі спортшыларды тәрбиелеген өте білікті ұстаз. Сондықтан да оған қандай қошемет те артық емес деп ойлаймын. Қазақстанның спорт күнтізбесіне енген бұл турнир де ағайымызға деген лайықты құрмет әрі жастардың шыңдалуына керемет мүмкіндік", - деді Жандос Қиянов.