Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан медальдар саны жөнінен үздік үштікке ілікті

0
212

Қазақстандық атлеттер аталмыш додада 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.


Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан медальдар саны жөнінен үздік үштікке ілікті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ERNUR.KZ. Ауыр атлетикадан Манама (Бахрейн) қаласында ерлер және әйелдер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық атлеттер аталмыш додада 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды.

Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы үздік шықты.
Арада 9 жыл өткенде, 102 келіде Артем Антропов топ жарды.
Ал Алексей Чуркин өз мансабында екінші рет әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.
Барлығы 92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:
1.Солтүстік Корея - 9 алтын,5 күміс,2 қола,
2.Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола,
3.Қазақстан - 2 алтын,1 күміс.
Бұған дейін 1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 7 алтын, 9 күміс, 8 қола медальға қол жеткізген.
1993 жыл — 1 қола
(91 келі — Анатолий Храпатый),
1995 жыл — 2 қола,
1997 жыл — 1 қола,
2005 жыл — 1 алтын
(85 келі — Илья Ильин),
2006 жыл — 1 алтын
(94 келі — Илья Ильин),
2009 жыл — 3 алтын, 1 қола
(53 келі — Зүлфия Чиншанло, 63 келі — Майя Манеза, 75 келі — Светлана Подобедова),
2010 жыл — 2 алтын
(63 келі — Майя Манеза, 75 келі — Светлана Подобедова),
2011 жыл — 2 алтын, 2 күміс
(94 келі — Илья Ильин, 53 келі — Зүлфия Чиншанло),
2013 жыл — 1 күміс,
2014 жыл — 3 алтын, 1 күміс, 1 қола
(94 келі — Жасұлан Қыдырбаев, 105 келі — Илья Ильин, 53 келі — Зүлфия Чиншанло),
2015 жыл — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
(77 келі — Ниджат Рахимов, 105 келі — Александр Зайчиков),
2018 жыл — 1 күміс, 2 қола,
2019 жыл — 1 күміс,
2021 жыл — 1 алтын
(55 келі — Арли Чонтей),
2022 жыл — 1 күміс, 1 қола,
2024 жыл - 2 алтын, 1 күміс.