Өкінішке орай жартылай финалда Ерсұлтан Мұзаппаров өзбекстандық Яхё Имамовға есе жіберді.
30 тамыз күні Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының кураш спортының бəсекелері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Онда Шымкент қаласының Л.Тəжиева атындағы 4 - спорт мектебінің балуаны Ерсұлтан Мұзаппаров ел намысын қорғады. Ерсұлтан алғашқы кездесуінде ауғанстандық Ажмал Исақ Зайды жеңді. Кейін отандасымыз қытайлық Ан Тай Леден 3:0 есебімен басым түсті.
Ширек финалда Ерсұлтанның қарсыласы тайпейлік балуан Йошуан Ло болды. Қарсыласын Мұзаппаров 10:0 есебімен ойсырата жеңді. Өкінішке орай жартылай финалда Ерсұлтан Мұзаппаров өзбекстандық Яхё Имамовға есе жіберді.
Осылайша жерлесіміз Азия ойындарының қола медаліна ие болды. Ақтық сайысында екі өзбекстандық балуан кездесіп, алтын мен күміс медалін бөлісіп алды.