Бұл туралы аты аңызға айналған шабуылшының өзі ресми түрде мәлім етті.
Фото: haberdairesi.com
ERNUR.KZ. Неймар 4 мундиальда гол соққан Пеледен кейінгі екінші бразилиялық футболшы саналады, деп жазады inbusiness.kz.
Ол мұндай шешімге 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Норвегиядан 1:2 есебімен жеңілгеннен соң келген.
– Мен барымды салдым, бірақ енді бәрі аяқталды, – деді Неймар.
Еске салайық, матчтың қосымша уақытында Неймар пенальтиден гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан болатын. Бірақ, бұл гол Бразилияны жеңілістен құтқармады. Бұл – футболшының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы екінші голы.
34 жастағы шабуылшы турнирдің алғашқы ойындарына жарақатына байланысты шықпады. Тіпті, оның әлем чемпионатына қатысуы да күмәнді болды. Десе де, бас бапкер Карло Анчелотти футболшының ұлттық құрама сапында доп тебуге деген ынтасына орай соңғы құрамға қосты.
Жалпы, Неймар – Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. Ол ұлттық құрама сапында 130 матчқа қатысып, 80 рет мергендігімен танылды. Мансабында Олимпиада ойындарының алтынын, Конфедерациялар кубогын және Америка кубогын жеңсе де, мундиальдың алтын медалін мойынға таға алмады.


