Ол команданың рұқсатынсыз шеруге де қатысқан.
ERNUR.KZ. Германиялық "Телеком Баскетс" баскетбол командасы Джошико Сайбумен келісімшартты бұзды. Оған себеп баскетболшының коронавирус туралы жалған ақпарат таратуы болған, деп жазады vesti.kz.
30 жастағы баскетболшыны ешқандай ескертусіз командадан қуып жіберген. Клуб басшылары "кәсіпқой спортшының келісімшартты бұзды" деген себебін алға тартып отыр. Клуб президенті Вольфганг Видлихтің айтуынша, команда Сайбудың коронавирус жұқтырып алып, басқа командаластарына жұқтырып алмаудың алдын алған екен.
Спортшы соңғы аптада өзінің әлеуметтік желілерінде коронавирусқа қатысты көп жалған ақпарат таратқан көрінеді. Сенбі күні баскетболшы Берлинде өткен коронавирусқа қарсы шеруге қатысқан. Бұл кезде ол команда ішіндегі ережені бұзып, сыртқа шығып кеткен.