"Тұран" клубының 2025 жылғы маусымға арналған ресми өтінімінде Исламхан 10-нөмірмен тіркелген.
ERNUR.KZ. Бауыржан Исламханның соңғы кездері жарақаты асқынып, оқу-жаттығу жиындарына бара алмаған еді. Енді сауығып қатарға оралып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Түркістанның "Тұран" клубында мансабын жалғастырады. Қазіргі уақытта 32 жастағы футболшы жол-көлік оқиғасында алған жарақатынан кейін қалпына келу үстінде және командаға чемпионаттың екінші айналымына қарай қосылуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Исламханның Қызылорданың "Қайсар" клубына ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда ол "Тұранды" таңдады. Спорттық мансабында Бауыржан "Қайрат", "Астана", "Ордабасы" және Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубтарында ойнаған.
"Тұран" клубының 2025 жылғы маусымға арналған ресми өтінімінде Исламхан 10-нөмірмен тіркелген.
Оның тәжірибесі мен шеберлігі команданың жартылай қорғанысын күшейтіп, "Тұранның" ағымдағы маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне көмектеседі деп үміттенеміз.