Бейжің-2022: жүлдегерлерге жоғары сыйақы беретін елдерден Қазақстан бірінші орында

0
655

Жалпы тізімде Қақстаннан кейін Әзібайжан тұр.


Бейжің-2022: жүлдегерлерге жоғары сыйақы беретін елдерден Қазақстан бірінші орында

ERNUR.KZ. Бейжің олимпиадасында топ жарғандарға әр елдің тағайындаған сыйақы мөлшерлері белгілі болды. Тізімді Қазақстан бастап тұр, деп жазады 24.kz.

Бізде алтын алған спортшыға 250 мың, ал күміс пен қолаға, сәйкесінше 150 және 75 мың доллардан беріледі. Тіпті 4-ші, 5-ші және 6-шы сатыға тұрақтағандарға да сыйақы қарастырылған.

Мәселен, шорт-трек шеберлері аралас эстафетатада 5-ші орын алған еді. Соған сәйкес, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан 10 мың доллардан алады.

Жалпы тізімде Қақстаннан кейін Әзібайжан тұр. Онда чемпионға 248 мың доллар беріледі екен. Көрші Ресейдегі көрсеткіш 61 мың, АҚШ-та 37, Германияда 22, Канадада 16 мың долларды құрайды.

Айта кетейік, бүгінге дейін жерлестеріміз жүлдеге іліккен жоқ. Ал Бейжіңдегі ойындардың өзі 20 ақпанға дейін жалғасады.