Бейжің олимпиадасы: Қазақстандық шаңғышылар нәтижесі белгілі болды

0
474

Жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты.


Бейжің олимпиадасы: Қазақстандық шаңғышылар нәтижесі белгілі болды

ERNUR.KZ. Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында классикалық әдіспен 15 км қашықтықта жүру бойынша жарыстар аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Аталған санатта Қазақстан құрамасы сапынан Виталий Пухкало мен Евгений Величко шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-шы болып жетті. Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.

Айта кетерлігі, жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты.